Басқару плагиндерімен жұмыс істеу

Басқару консолі арқылы "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқару жұмысы басқару плагиндерінің көмегімен жүзеге асырылады. Kaspersky Security Center көмегімен басқаруға болатын әрбір "Лаборатория Касперского" бағдарламасының құрамына басқару плагині кіреді. Басқару консоліндегі бағдарламаны басқару плагинінің көмегімен келесі әрекеттерді орындауға болады:

Орнатылған плагиндер тізімін және олардың нұсқаларын тексеру үшін:

  1. Басқару консолінің тармақты құрылымында <Сервер атауы> басқару серверін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Сипаттар опциясын таңдаңыз.
  2. КеңейтілгенОрнатылған бағдарламаны басқару плагиндерінің мәліметтері тармағын таңдаңыз.

Орнатылған басқару плагиндерінің тізімдері және олардың нұсқалары оң жақ тақтада пайда болады.

Kaspersky Security Center бастапқы орнату кезінде басқару серверінің жылдам іске қосу шеберін қосқан жағдайда басқарылатын құрылғыларға арналған плагиндерді орнатуға болады. Басқару плагиндерін қолмен орнатуға да болады.

Басқару плагинін қолмен орнату үшін:

  1. "Лаборатория Касперского" техникалық қолдау қызметінің бетінен "Лаборатория Касперского" бағдарламасын басқару плагинін және бағдарламаның қажетті нұсқасын (мысалы, Kaspersky Endpoint Security for Windows 12.3) жүктеп алыңыз.
  2. Басқару консолі іске қосылған болса, оны жабыңыз.
  3. Плагиннің жүктеп алынған файлын мұрағаттан шығарып, klcfginst.msi немесе klcfginst.exe файлын іске қосыңыз. Орнату шеберінің нұсқауларын орындаңыз.
  4. Орнату аяқталғаннан кейін, басқару консолін іске қосып, алдыңғы процедурада сипатталғандай, плагиннің орнатылған плагиндер тізімінде бар екеніне көз жеткізіңіз.

Басқару плагинін жою үшін:

  1. Басқару консолі іске қосылған болса, оны жабыңыз.
  2. Windows операциялық жүйесінің тізілім редакторын ашыңыз.
  3. Келесі кілтті табыңыз:
    • 32 разрядтық жүйе үшін HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\28\Plugins.
    • 64 разрядтық жүйе үшін HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\28\Plugins.

    Кілтте орнатылған басқару плагиндері бар. Әрбір плагин үшін DisplayName мәні плагин атауын, ал UninstallString мәні плагинді жою пәрменін қамтиды.

  4. Жойғыңыз келетін плагин кілтін тауып, оның UninstallString мәнін алмасу буферіне көшіріңіз.
  5. Мәнді пәрмен жолына қойып, оны жүйелік әкімші ретінде іске қосыңыз.

Басқару плагинінің нұсқасы басқарылатын "Лаборатория Касперского" қолданбасының нұсқасынан төмен болмауы керек. "Лаборатория Касперского" қолданбасын жаңарту кезінде құрылғыларға сол нұсқадағы басқару плагинін орнату керек.

Плагиннің бұрынғы нұсқасында жасалған саясатты ашқан кезде, сізден Kaspersky Security Network мәлімдемесін қабылдау сұралады.

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін жойған кезде, барлық басқару плагиндері де жойылады.

Саясатты басқарылатын бағдарлама нұсқасынан кейінгі плагин нұсқасында ашып, сақтасаңыз, саясат жаңартылады және оны плагиннің бұрынғы нұсқасында аша алмайсыз.

Басына оралу